Қазақстандық әуе компаниялар төтенше жағдайға байланысты қанша қаржысынан айырылады? — Қазақстан жаңалықтары

0

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әуе компанияларының кірісі туралы алдын ала мәліметтерді жариялады,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ұшақ

«Тұрақты халықаралық рейстердің тоқтатылуына және қысқартылуына байланысты Air Astana авиакомпаниясының шығыны 2020 жылдың соңына дейін 148 миллиард теңгеден (346 миллион доллар), Scat авиакомпаниясының шығыны 84 миллиард теңгеден (196 миллион доллар) артық болуы мүмкін», — деді министрлікте.

Air Astana 15-30 сәуір аралығында жоспарланған барлық тұрақты рейстерді тоқтатуға мәжбүр болды, өйткені Қазақстанда төтенше жағдай режимі ұзартылды.

Тоқтатылған рейстердің жолаушылары билеттерді айыппұлсыз басқа күнге қайта брондай алады, деп хабарлады компания.

SCAT қазір Қазақстан бойынша гуманитарлық жүк тасымалдайды және таяу шетелдерге гуманитарлық жүк тасымалына қолдау көрсетеді.

Finprom талдау агенттігінің мәліметінше, әуе көлігі кәсіпорындарының табысы 2020 жылдың қаңтар-ақпан айларында 55,3 миллиард теңгені (129 миллион доллар) құрады. Оның ішінде 54 млрд теңгеге жуығы жолаушылар тасымалы үлесіне тиесілі.

2019 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда жылдық өсім 11,4%-ды, жолаушылар тасымалынан — 11,7%-ды құрады.

 

 

stan.kz