Павлодар қаласында жедел жәрдем фельдшері коронавирус жұқтырды — Қазақстан жаңалықтары

0

Павлодарда жедел жәрдем фельдшері коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Павлодарда коронавирус инфекцияcsның төртінші жағдайы анықталды.

«Коронавирус Павлодар қаласында 1996 жылы туған тұрғында анықталды, ол 9 сәуірде вирустан қайтыс болған зейнеткермен байланыста болған. Жас жігіт облыс орталығында жедел жәрдем фельдшері болып жұмыс істейді. Науқас жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Оның жағдайы қанағаттанарлық, шағымдары жоқ, температурасы қалыпты», —  бұл туралы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және аймақтық бақылау департаментінде хабарлады.

Сондай-ақ, департамент вирус жұқтырған адаммен байланыста болған 88 адамды анықтаған, олардың барлығы оқшауланғанын атап өтті.

 

stan.kz