ФОТО: Ер адамның аузына басынан үлкен ісік өскен
30 жастағы Филиппиндік құрылысшының аузына бас сүйегінің мөлшеріндей ісік 7 жыл бойы өскен.
Фото: ViralPress
17:52 30.11.2018
Болжамы бойынша, ісікті 30 жасар Леонардо Морис 23 жасында баскетбол ойындары кезінде алған жарақатынан пайда болған. Белгілі болғандай аузының төменгі жағында үлкен амелобластома пайда болған. Ол өміріне қауіп төндірмесе де, ота жасатып ісік алынуы керек.
Уақыт өте, ісік үлкейіп, ауыра бастаған. Тамақ ішіп, сөйлеуіне кедергі келтірген. Саладарынан Морис сорпа, жеміс шырыны және су ішіп азықтанып жүреді. Құрылысшы аз жалақы алады, сондықтан оған ота жасатуға ақшасы жоқ. Операцияны төлеуге шамамен бес мың фунт стерлинг қажет.