Балаға жақсы әке болу үшін не істеу керек?

0

Балаға жақсы әке болу үшін не істеу керек?

Ана болу, жақсы ана болу туралы кеңестер ғаламтор беттерінде көптеп кездеседі. Ал әке туралы ше? Бала тәрбиесінде әкенің рөлі маңызды екенін білеміз. Балаға жақсы әке бола білу үшін не істеу керек? Ендеше, жақсы әке болуға кеңестер ұсынамыз.

1. Алдымен баланың өмірінде бар болыңыз

Балаларға көп уақыт, ақша, күш, қамқорлық, әуесқойлық және т.б керек. Бір адамға қарағанда екі адам бұл міндеттерді оңайырақ атқарады. Әкесі мен анасы барлығын теңге бөліп алу керек немесе өзара келісіп, міндеттерді бөлісіп алуға тырысу керек. Себебі барлығын бір адамның мойнына іліп қою әділсіздікке жатады. Бұл міндеттерді бір адамның ғана атқарып жүруі балаға да өз әсерін береді.

2. Сөйлесіңіз

Психологиялық зерттеулер бойынша, ата-ана балаларымен өте аз сөйлеседі. Балаға өзіңіздің күніңіздің қалай өткенін айтыңыз. Оның бүгін өзіне қандай қызық нәрсе ашқанын сұраңыз. Оқылған кітапты, көрілген фильмді және ойнаған ойынын талқылаңыз. Баланың қойған сұрағына шын жауап беруге тырысыңыз. Егер жауабын білмесеңіз, интернеттен бірге іздеңіз. Сол ісіңізбен оны ақпаратты іздеп, анализ жасауға үйретесіз.

3. Қызығушылығын құрметтеңіз

Кейде ата-ана баласының әуесіне жаман қарап, оның пайдасыз нәрсемен шұғылданып отырғанын айтады. Ойланыңыз, сіздің хоббиіңіз біреуге пайдасыз, біртүрлі болып көрінсе, сіз ол әрекетіңізді тастауға міндеттісіз бе? Қызығушылығыңызды тастауды сұраған адаммен ары қарай сөйлескіңіз келер ме еді? Оның хоббиін түсінуге тырысыңыз. Мүмкіндігіңіз жетсе, сіз пайдалы деп санаған затты емес, өзі сұрап жүрген нәрсесін алып беріңіз. Әрине, бұл әркез баланың айтқанын алып беру керек деген сөз емес. Егер алып бере алмасаңыз, себебін түсіндіріңіз.

4. Сезімін құрметтеңіз

Бала кішкентай болғанда ата-ана оған сезімін білдіруге көмектеседі. Бала жылағанда, ата-анасы былай дейді: «Шаршағаныңды білеміз, кішкене шыдасаң, үйге барамыз». Осылай балада өз сезімдеріне арналған сөздер пайда болады. Ал бала өсе келе, өз сезімін көрсете алатын кезінде оған сене білу маңызды. Алайда көпшілік ата-ана керісінше, баланы көндіре бастайды. Мысалы: «сенің қарның ашқан жоқ, тоңып қалдың, сол үшін шаршадың». Балаға жақын адамы оның өз сезімін дұрыс білмейтіндігін айтса, ауыр тиеді. Сондықтан, баланың айтқанына сенуге тырысыңыз.

5. Шекара қойыңыз

Балаға жүйе керек. Бір жағынан, оның жеке қалауы бар, екінші жағынан, ол әзір өз әрекетінің салдарын бағалай алмайды. Сондықтан келісімге келе білу маңызды, баланың қажеттіліктерін тыңдап, соның негізінде ереже қою керек. Тәртіпті күшпен емес, түсіндірумен ұстаған жөн. Ереже қоярда да оның ойын сұрап, оған сұрақ қою арқылы жасау керек. Сол кезде бала болашақта өз бетінше болуға үйренеді. Үйде қойылған ережелер барлық балаға бірдей болуы керек.

6. Мақтаңыз

Қоғамда «баланы мақтасаң, «өзінше» болып кетеді» деген ой қалыптасқан. Алайда, олай емес. Баланың жақсы әрекетін мақтап, оны жақсы көретініңізді айтып тұру керек. Жақсы жасалған нәрсесіне қуанып, кейін бұдан да жақсы жасай алатындығына сенетіңізді айтыңыз.

7. Ойнаңыз

Баланың ертегі тыңдап, қиялдап, өзін түрлі рөлде тексеріп өскені жақсы. Бала ойын арқылы әлемді таниды.  

Баланы дамытатын ойындар

8. Денесімен байланыс орнатуға көмектесіңіз

Балаға құшақтасу, ойын күресі және т.б қажет. Баламен бірге серуендеуді, жаттығу жасауды және өзінің қозғалыс белсенділігін табуға көмектесіңіз. Түрлі иіс пен дәмді зерттеңіз. Баланы қинап тамақтандырмаңыз. Бала өзін денесінде қалай сезінетінін байқап, өзін ыңғайсыз сезінсе, барынша көмектесіңіз. Егер сізде өз денеңізді қабылдаумен проблема болса, психологқа қаралыңыз. Себебі сіздің әрекетіңіз балаға беріледі.

9. Қамқор болыңыз

Балаға түскі асын салып берсеңіз немесе баланың жиналысына барсаңыз, сізді «еркекке тән емес іспен айналысып жүр дейді» деп қорықпаңыз. Өз балаларына қамқор болудан артық табиғи нәрсе жоқ. Сіз балаңыздың өмір бойына әсер ететін әрекет жасап жүрсіз. Балаңызға махаббатыңызды білдіруде кедергі келтіретін стреотиптерге жол бермеңіз.

10. Қолдаңыз

Әсіресе, бала мұғалімдермен, құрдастарымен немесе жасы үлкен балалармен дауласып қалса, балаңыздың жағында бола біліңіз. Балаңызға сеніңіз, одан не болғанын сұраңыз. Егер бала қатты қиналып жүрсе, өмір оны үйретеді деп, «қатайтуды» ойламаңыз. Қажет болса, басқа мектепке немесе секцияға ауыстырыңыз. Сіз – ол үшін сүйенішсіз, кез келген уақытта келе алатын қауіпсіздік аралысыз.

11. Өзіңіз дамыңыз

Қателігіңізді мойындай біліңіз. Кітап оқыңыз. Мамандарға жүгініңіз. Егер балаға бір нәрсе айтып, бірақ басқаша әрекет етсеңіз, бала екіншісін үйреніп алады. Дамыңыз, балаға өз өміріңізді үлгі ретінде көрсетіңіз. Ең керемет тәрбие – сіздің көрсеткен жақсы үлгіңіз.