Қазақстандық әйел мандариннің ішінен дәрі тауып алған: Қылмыстық іс тоқтатылды — Қазақстан жаңалықтары

0

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны жемістердің ішінен қандай дәрілік затты анықтағаны белігілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

СҚО тұрғыны жемістердің ішінен дәрі тауып алды (видео)

Бұл туралы СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Ресми ақпаратқа сәйкес, тиісті тексеру шаралары ұйымдастырылып, бұл іске арнайы мамандар жұмылдырылыпты. 

«Табылған дәрілерге байланысты жасалған сот медициналық сараптаманың нәтижесінде бұл препараттардың ацетилсалицил қышқылы екендігі анықталды. Қылмыстық іс заңға қайшы әрекеттердің болмауы себебінен тоқтатылды», — делінген ресми хабарламада. 

Сот алды тергеу ісі «Қауіпсіздік талаптарына сай емес қызмет көрсету немесе тауарларды шығару және сату» бабы бойынша жүргізіліпті. 

Еске салайық, бұған дейін СҚО-ның Тайынша ауданының тұрғыны мандариндердің ішінде белгісіз дәрілік препараттар жүргенін айтқан болатын 

 

stan.kz