Home Жаңалықтар Алматыда жүруге кімге рұқсат берілгенін мобильді қосымша арқылы тексеруге болады

Алматыда жүруге кімге рұқсат берілгенін мобильді қосымша арқылы тексеруге болады

0
59

Қосымшада сондай-ақ полицияға арыз, өтініш, сигнал беруге, коронавирус бойынша өзекті ақпаратпен танысуға болады

АЛМАТЫ, 8 cәуір – Sputnik. Алматыда карантин кезінде қала ішінде жүруге кімдерге рұқсат берілгенін тексеруге арналған мобильді қосымша іске қосылды.

Е-Polisia KZ мобильді қосымшасы арқылы ЖСН және көліктің нөмірін теру арқылы қала ішінде жүруге рұқсат берілген-берілмегенін тексеруге болады. Қосымша әзірге Android платформасында ғана қолжетімді. App Store қолданушылары үшін де қолжетімді ету жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Қосымша арқылы полицияға арыз, өтініш, сигнал беруге, коронавирус бойынша өзекті ақпаратпен танысуға болады», – деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар қосымшада бақылау-өткізу бекеттерінен өту ережелері жазылған бөлім бар. Алғашқы бетінде Алматы қаласы бойынша аудандық полиция басқармалары мен бөлімдерінің, учаскелік пункттердің қай жерде екені көрсетілген карта орналастырылған.

Алматыда 50 жастан асқан тұрғындар арасында вирус жұқтырғандар көбейді

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда 7 сәуірден бастап қала ішінде жүруге арналған құжаттар мен анықтамалардың күші жойылды.

Қалада карантин кезінде жұмысын жалғастыратын кәсіпорындардың электронды деректер базасы құрылды. Базаға қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін медицина, құқық қорғау, коммуналдық қызмет, БАҚ өкілдері, такси және жеткізу қызметтері мен мемлекеттік орган қызметкерлері енгізілді.

Қосымшаны мына сілтемеге өтіп, жүктеуге болады.



sputniknews.kz