Карантин кезінде қалада жүруіне рұқсат көрсетіледі: Алматылық жүргізушілерге арналған мобильді қосымша іске қосылды — Қазақстан жаңалықтары
Алматы қаласының ПД қызметкерлері карантин кезінде көлік иелерінің қозғалысына қадағалау жүргізу үшін мобильді қосымшасын іске қосыт, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Алматы қалалық ПД-нің баспасөз қызметі мәлімдеді.
E-Polisia KZ мобильді қосымшасы ішкі істер министрлігінің қолдауымен дайындалыпты. Аталмыш бағдарлама 8 сәуірден бастап іске қосылды
«Бұл бағдарлама арқылы коронавируспен күресу жөніндегі жедел штабтың арнайы мәліметтер базасында ЖСН және көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірімен тексеруге болады. Енді кез келген азамат өзінің мобильді құрылғысын пайдаланып, қосымша арқылы қалада карантин кезеңінде жүруге рұқсаты бар-жоғын біле алады. Демек, біздің Call-орталыққа 254-40-07 телефонына қоңырау шалудың қажеті жоқ.Сондай-ақ, осы қосымшаның көмегімен сіз онлайн режимінде полицияға өтініш,шағым, бере аласыз.Сонымен қатар, коронавирус туралы тиісті ақпаратпен танысуға да болады. Бүгінгі таңда көптеген азаматтарды жоғарыда аталған тақырып қызықтырады, сондықтан «Жиі қойылатын сұрақтар» айдары аталған тақырыпқа бейімделген. Қосымшада карантин аймағының периметрі бойынша жол тосқауылдарын кесіп өту ережелері туралы бөлім бар», — дейді Алматы қалалық ПД басшысы Қанат Таймерденов.
Атап кетерлік жайт, қосымшаның басты бетінде полиция басқармасы, аудандық әкімдіктер мен полиция бөлімдерінің, сондай-ақ учаскелік пунктілердің мекен-жайлары орналастырылыпты.
stan.kz