Қызылорда облысында студент қыз үйіне келген қонақтарына коронавирус жұқтырған — Қазақстан жаңалықтары

0

Қызылорда облысында қаладан үйіне келіп, достарын жинап, дастарқан жайған бойжеткен қонақтарына коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

дастарқан

Қазір аймақтардағы коронавирус жұқтырған науқастардың саны бойынша Қызылорда облысы алдыңғы орынға шығыпты. Оның себебін мамандар індетке бей-жайлықпен және салғырттықпен қараған ауыл тұрғындарының әрекеттері деп түсіндірді. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметовтың сөзінше, қазір аймақата ТЖ режимін бұзған адамдар жиі анықталып отыр. Осы орайда ол Шиелі ауылындағы бір науқасты мысалға келтірді. 

«Басқа қаладан ауылына оралған бойжеткен, құрбы-құрдастарын жинап, үйінде дастарқан жайыпты. Ақырында студент қыздың коронавирус жұқтырғаны анықталыпты. Бұған қоса сол күні қонақ болып келген оның достары да науқастан індетті жұқтырып алыпты. Ал басқалары болса, карантинге жабылған», — дейді басқарма басшысы.  

Сондай-ақ Қызылорда облысының прокуратурасын өкілдері елдегі ахуалды елемейтіндер көбейіп кеткендігін айтады. Қазіргі уақытта үйлерінде кішігірім той-томалақ өткізген азаматтар мен ТЖ кезінде жұмыстарын жалғастырған мейрамханалар, дәмханалар мен ойын-сауық орталықтардың қызметкерлері анықталыпты. 

Осыған байланысты жергілікті басқарушы органдардың қызметкерлері тұрғындарды еліміздегі жағдайға түсіністікпен қарап, сақтық шараларын ескеруге шақырды. 

Атап кетерлік жайт, соңғы рет Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған 18 науқас тіркеліпті. 

 

stan.kz