Маған пейілі кең, бауырмал халыққа басшылық ету бақыты бұйырды – Елбасы

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Нұрсұлтан Назарбаев қиын-қыстау күндерде сенім артып, ұдайы күш-қуат берген туған халқына мың да бір алғыс білдірді 

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. Бүгін Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа үндеу жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Маған небір қиын-қыстау күндерде ешқашан намысын бермеген, қашанда бірлігі бекем, пейілі кең, құшағы ашық, бауырмал халыққа басшылық ету бақыты бұйырды. Сондықтан қазіргідей алабұртпа көңіл жағдайында дана да дарқан халқыма – баршаңызға зор ризашылыққа толы осы сөздерімді жолдадым», — дейді Назарбаев өз үндеуінде.  

Елбасы тәуелсіздік жылдары халықтың сан алуан қиындық пен дағдарысты бастан өткергенін де еске алды.

«Соның бәрінде мен анық жағдайды, түйткілді проблемаларды ашық түрде алдарыңызға жайып салып отырдым. Сіздер маған үнемі сенім арттыңыздар, мен туған халқымның сол сенімінен ұдайы күш-қуат алдым. Сол үшін сіздерге тағы мың да бір алғысымды білдіремін», — деп атап көрсетті тұңғыш президент.

Оның айтуынша, мемлекет осы қиындықтан шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды және тиісті шараның барлығын атқарады.

«Бірде-бір адам, еліміздің ешбір азаматы қамқорлықсыз қалмайды. Біз – біртұтас ел, бірлігі берік жұртпыз. Мен әрқашан халқыммен бірге болғанмын, бұл жолы да сіздермен біргемін. Біз біргеміз. Қиындыққа қайыспай, белімізді бекем буып, береке-бірлігімізден айрылмайық. Сонда ғана біз қастерлі тәуелсіздігімізді сақтап, Қазақстанды Мәңгілік ел болуға лайықты ете аламыз», — деді Назарбаев.



sputniknews.kz