АҚШ коронавирустан болған өлім санынан тағы да рекорд орнатты — Қазақстан жаңалықтары

0

АҚШ-та бір тәулік ішінде коронавирустан 1736 адам көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

морг

Бұл — елдегі індет басталған сәттен бастап тәулік ішіндегі тіркелген өлімнің ең жоғары көрсеткіші.

Коронавирусты өлім-жітімнің алдыңғы рекордтық саны 4 сәуірде тіркелді, ол кезде 1334 адам көз жұмды. 

Ең көп өлім саны Нью-Йорк қаласында — 4 009 өлім. Қала АҚШ-тағы коронавирус індетінің эпицентрі болып саналады. 

 АҚШ-та COVID-19 жұқтыру оқиғаларының саны 400 мыңға жақындады, 22 мыңға жуық адам коронавирустан айықты.

 

stan.kz