Қазақстанда 67 дәрігер коронавирус жұқтырды — Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанда 67 дәрігер коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
6 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясы 8 аймақта тіркелді:
Ақмола облысы — 1;
Атырау облысы — 2;
Қарағанды облысы — 4;
Қызылорда облысы — 1;
Солтүстік Қазақстан облысы — 6;
Түркістан облысы — 1;
Алматы — 21;
Нұр-Сұлтан — 31
«Қазақстан Республикасында 67 жағдай бар, сондықтан COVID-19 диагнозы бар науқастармен жұмыс жасайтын дәрігерлердің саны жалпы жағдайлардың 10 пайызын құрайды.
Қазіргі уақытта бір медицина қызметкерінің жағдайы ауыр, 9 адам орташа дәрежеде. Қалған 57 адам симптомсыз, жағдайы қанағаттанарлық, хаттамаға сәйкес емделуде», — делінген хабарламада.
stan.kz