14 мыңнан астам алматылық ресми жұмыссыз — Қазақстан жаңалықтары

Алматыда ресми түрде 14 036 адам жұмыссыз болып тіркелген. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының басшысы Рахат Шимашева мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Жұмыспен қамту орталығында 14 036 адам жұмыссыз ретінде тіркелген. 19 наурыздан 7 сәуірге дейін карантин кезеңінде 1755 адам тіркелді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда», — деді Р.Шимашева.
Сонымен қатар, спикер жұмысқа орналасуды жеңілдету үшін азаматтар Назарбаев көшесі, 50 мекен-жайы бойынша орналасқан жұмыспен қамту орталығына жүгінуге болатындығын қосты.
Оның айтуынша, сонымен қатар бүгінгі таңда ең өзекті мәселе — жалақысыз еңбек демалысы.
«Төтенше жағдай туралы шағымдар осы мәселе түрінде келеді. Бүгінгі таңда 200-ден астам өтініш келіп түсті. Төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін біз барлық өтініштерге жауап береміз», — деді ол.
Бұған дейін Рахат Шимашева 67 мың тұрғын 42,500 теңге көлемінде әлеуметтік көмекке жүгінгенін, оның 6 мыңы жәрдемақы алғанын мәлімдеді. Бүгінгі таңда 42 500 теңге әлеуметтік төлемдер алатын арнайы сайт жасалды. Сонымен қатар, төлемді қабылдау үшін қосымша сайт ашылды.
stan.kz