Трамп айды игеру туралы жарлыққа қол қойды – Роскосмос пікір білдірді

0
46

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Роскосмос өкілі АҚШ президенті Трамптың ғарыш ресурстарын игеру туралы жарлығын агрессивті деп танитындығын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Ғарыш ресурстарын игеру құқығына қатысты АҚШ-тың жоспары халықаралық ынтымақтастыққа зиян келтіреді, деп мәлімдеді Роскосмостың халықаралық ынтымақтастық жөніндегі бас директорының орынбасары Сергей Савельев. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

АҚШ президенті Дональд Трамп 6 сәуір күні америкалықтарға ғарыш ресурстарын игеруге құқық беретін жарлыққа қол қойды. Сонымен қатар, Ай мен басқа да ғарыштық ресурстарды пайдалану мен игеру туралы келісімдерді алты ай ішінде басқа елдермен талқылауды тапсырды.

«Басқа планета аумақтарын іс жүзінде басып алу мен ғарыш кеңістігінің экспроприациясы (бір топтың жеке меншігінен, бұрынғы әлеуметтік артықшылығынан айырылуы – Sputnik) туралы агрессивті жоспар өзге елдерді жемісті ынтымақтастыққа шақырмайды», – деді Савельев.

«Тарихта бір ел өз мүддесін ғана көздей отырып, аумақтарды басып алуға шешім қабылдағанын көпшілік біледі және оның нәтижесі қандай болғанын да ешкім ұмытқан жоқ», – деді ол.



sputniknews.kz