Қызылорда облысында соңғы тіркелген науқастар вирусты қайдан жұқтырған? — Қазақстан жаңалықтары

0

Қызылорда облысында коронавирус жұқтарғандар жайлы деректер белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

«Олар бұған дейін вирус жұқтырған адаммен тығыз қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, ҚР бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес зертханалық сынамалар алынды. Диагноз нақтыланып, ауданаралық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда», — делінген ресми хабарламада.

Қазіргі таңда ауру анықталған аймақтарда эпидемиологиялық тексеру мен зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.
 

stan.kz