Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 670-ке жетті — Қазақстан жаңалықтары

0

Елде тағы 8 адамның коронвирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Сoronavirus2020.kz ресурсының мәліметі бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында — 1 адам, Атырау облысында — 3 адам, Қызылорда облысында — 4 адам тіркелді.

Қазақстандағы коронавирус бойынша 7 сәуір 08:35-тегі эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, елдегі науқастардың саны 670 адамға жетті. Оның ішінде  Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 222 адам, Алматы қаласында – 119 адам, Қарағанды облысында — 48 адам, Ақмола облысында — 42 адам, Атырау облысы — 32 адам, Жамбыл облысында — 40 адам, Шымкент қаласында — 19 адам, Шығыс Қазақстан облысында — 6 адам, Алматы облысында — 10 адам, Ақтөбе облысында — 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 25 адам, Павлодар облысында — 1 адам, Маңғыстау облысында — 5 адам, Қызылорда облысында — 54 адам, Батыс Қазақстан облысында — 2 адам, Түркістан облысында — 33 адам, Қостанай облысында — 1 адам.

stan.kz