Өскеменде кәсіпкерлер әкімдікке баса көктеп кірмекші болды — Қазақстан жаңалықтары
Өскемен қаласының кәсіпкерлері бірнеше күннен бері жұмысқа рұқсат ала алмай жүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Өскемен қаласында бірнеше жүздеген адам шектеу шараларын енгізгеннен кейін қала бойынша жүріп-тұруға рұқсат құжаттарын екі күн ала алмады. Негізінен бұл тамақ саласындағы кәсіпкерлер: азық-түлік өнімдерін дайындаумен, жеткізумен және сатумен айналысатын адамдар. Олар таңертеңнен кешке дейін қаланың ішкі саясат бөлімінің алдында тұрып, қолдары бос қайтқан.
Кеше шектеу шаралары енгізіле бастағанда жағдай шиеленісе түсті — дүкендердің, кәсіпорындардың көптеген қызметкерлері жұмысқа бара алмай, азық-түлікті сауда орындарына жеткізе алмаған. Олардың айтуынша, әкімдікке қажетті мәліметтерді уақытында тапсырған.
«Менде азық-түлік дүкендерінің желісі бар. Қазір менің сатушыларымның тізімі жоғалғаны анықталды. Олар қалай жұмысқа шығады? Енді мен дүкендерді жабуым керек пе?»- дейді Сергей Петреченко.
Күн бойы ішкі саясат бөлімінің алдында көтерме сауда базарында сауда жасайтын жеке кәсіпкер Жанат Үсенова да тұрды.
«Біз алдын ала, бір апта бұрын нарық әкімшісіне өз тізімімізді бердік, ал бүгін таңғы сағат 8-де жұмысқа келдік, бізге әрқайсымызға жеке-жеке беру керектігін айтты. Мұнда таңғы 9-дан бастап тұрмыз. Қазір рұқсат қағаздары 17.00-де берілуі мүмкін екені белгілі болды. Күтеміз. Бүгін үйге қайту қиын болып тұр — көлік жүрмейді. Мен кетіп қалудан қорқамын, ала алмай қалуым мүмкін», — дейді Жанат Үсенова.
Өскемен қаласы қоғамдық кеңесінің басшысы Елена Березинская-Әбілованың айтуынша, қалыптасқан жағдай мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерінде келіспейтіндігін көрсетті. Оның пікірінше, ШҚО-ның ахуалдық орталығының жұмысында айтарлықтай сәтсіздік байқалып отыр. Осы түсінбеушілікті тудырмау үшін алдын-ала іс-әрекет алгоритмдерін жасау қажет еді — өзіңді қалай ұстау, қайда бару және не істеу керек?
«Қазір рұқсат беру құжаттарымен үлкен проблема туындады. Пәтерден басқа үлкен қызыл — көліктерге, кішкентай қызыл — жұмыскерлерге секілді тағы да атаулы рұқсатнамалар бар.Енді автокөліктерге арналған қандай да бір жасыл түсті пайда болғаны білгілі болды. СШК шағын ЖК үшін рұқсаттама бере бастады. Адамдар шатасып кетті. Оларға ешкім ештеңе түсіндірмейді. Көптеген адамдарға рұқсаттама берілгендіктен, еркін жүре аламыз деп ойлады. Бірақ олай болмады. Полиция бекеттері Шығыс Қазақстан облысының әкімінің айтқан сызбасы бойынша жұмыс істейді, онда өту үшін рұқсаттаманың тек екі ғана түрі бар», — дейді Елена Березинская-Әбілова.
Сенбі күні бірнеше сағат күтіп, ашуланған топ қала әкімдігіне бет алды. Күзет және атқарушы билік өкілдерімен ұзақ талқылаудан кейін адамдар ғимаратқа кіре алды.
Ол жерге Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар келді. Тек осы жерде ғана рұқсаттама алуға болатын-болмайтындығы көпшілікке белгілі болды.
«Өздеріңіз білесіздер, біздің қалада коронавирустық инфекцияның кең таралуына жол бермеу мақсатында автокөлік қозғалысын шектеу бойынша шаралар қабылданды. Иә, арнайы рұқсатнамалар қаланың стратегиялық маңызды кәсіпорындары мен ұйымдарының үздіксіз қызметін қамтамасыз ететін ШОБ субъектілеріне беріледі. Тағы да айтамын, барлығына емес — көмекші персонал құжаттарды алмайды. Тағы да қайталаймын: рұқсаттамалар қызметі тіршілік әрекетін қамтамасыз етуге бағытталмаған компаниялар мен ЖК-ге берілмейді. Құқығы барлардың барлығы рұқсаттамалар алады. Бұл бағыттағы жұмыс тәулік бойы жүргізілуде», — деді Жақсылық Омар.
Адамдарды тыныштандыру үшін рұқсатнамалар дәл осы жерде беріле бастады. Бірақ, әрине, бәріне де жетпеді. Әкім рұқсаттама беру жалғасатынын және алаңдаудың қажеті жоқ екенін хабарлай отырып, барлығын тыныштандыруға тырысты.
stan.kz