42 500 теңге мөлшерінде төлемге өтініш беру алгоритмі жарияланды — Қазақстан жаңалықтары
Қазақстанда міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін 42500 теңгелік төлемді алу үшін қандай қадамдар орындау керектігі айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
МӘСҚ-тан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде төлемге өтініш беру үшін келесі қадамдарды орындау қажет:
1) https://42500.enbek.kz сайтына кіріңіз;
2) «жәрдемақы алу 42 500» таңдаңыз;
3) өтініш берушінің аты-жөні, ЖСН, IBAN немесе жұмыс берушінің БСН, электронды поштасы көрсетілген нысанды (форма) толтырыңыз;
4) нысанды (форма) жіберу керек;
5) жүйе телефон нөмірін сұрайды;
6) телефон нөмірін SMS арқылы жіберілген кодпен растау;
7) өтініш жіберілді.
Өтінішті өңдеп, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ деректерін тексергеннен кейін, өтініш беруші қабылданған шешім туралы SMS-хабарлама алады. Ақпарат төлемді тағайындау және төлеу үшін МӘСҚ-қа жіберіледі.
stan.kz