42 500 теңгені алу үшін жаңа сайт іске қосылды

0

Азаматтардың әлеуметтік төлем алуын жеңілдету үшін Enbek.kz электронды еңбек биржасының алаңында қосымша сервис құрылды

НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Енді төтенше жағдай кезінде кірісінен айырылған қазақстандықтар әлеуметтік төлем алуға өтінішті 42500.enbek.kz сайтында бере алады, деп хабарлайды коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб.

Қазақстанда міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшеріне төлем алуға өтініш беру үшін қосымша сервис іске қосылды.

Ол үшін не істеу керек:

  • https://42500.enbek.kz сайтына кіру;
  • «42 500 жәрдемақы алу» дегенді таңдау;
  • өтініш берушінің аты-жөні, ЖСН, IBAN немесе жұмыс берушінің БСН, email көрсетілген форманы толтыру;
  • форманы жіберу;
  • жүйе телефон нөмірін көрсетуді сұрайды;
  • SMS хабарлама арқылы жіберілген кодпен телефон нөмірін растау;
  • Өтініш жіберілді.

Өтінішті өңдеп, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы деректерді тексергеннен кейін, өтініш беруші қабылданған шешім туралы SMS-хабарлама алады. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлемді тағайындау және төлеу туралы ақпарат жіберіледі.



sputniknews.kz