Астаналық кәсіпкер алпыстан асқан шағында өз жұбайына екінші рет үйленді (видео) — новости Казахстана

0

Астаналық меценат, қоғам белсендісі Жоланов Полатбек 2018 жылдың 29 қарашасында екінші рет үйленді. Кәсіпкер өзінің сүйікті жұбайы Есенкүл Үсіпбайқызына 40 жылдан соң қайта сезімін білдірген хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Facebook/ Полатбек Жоланов

Фото: Facebook/ Полатбек Жоланов

1978 жылы отбасын құрған азамат 40 жыл бойы өмірлік серігімен бірге талай белестерден өткен. Бүгінде ұйыған отбасының үш қызы, екі ұлы, 15 немересі бар.

Жанұядағы балалардың барлығы өмірден өз жолдарын тауып, белді қызметкерлер атанған.

Ал жұбайына деген ыстық махаббаты сөнбеген Полатбек Жоланов қараша айының 29-шы жұлдызында өз әйеліне екінші рет үйленуге ұсыныс жасаған.

Алпыстан асқан шағында кәсіпкер ғашығына 3 млн 965 мың теңгеге екі каратты гаухартас жүзік алып, 303 раушан гүлімен бірге сыйға тартыпты.

Осылайша, қоғам белсендісі сүйіктісіне құрбылары мен балаларының алдында тағы бір рет сезімін білдіріп, үйленуге ұсыныс жасаған екен.


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар