Головкин Мессимен кездесіп, қолғабын сыйлады

0
Головкин Мессимен кездесіп, қолғабын сыйлады


Орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкин Аргентина мен Барселона құрамаларының шабуылшысы Лионель Мессимен кездесті.

Қазақстандық боксшы мен аргентиналық футболшының кездесуі SIRIN Labs компаниясы ұсынған алғашқы блокчейн-смартфонның таныстырылымы аясында өткен. Спортшылар естелікке бірге суретке түскеннен кейін, GGG футболшыға өзінің қолғабын сыйға тартты.

Жабық форматтағы шараның фотосуреттерінің бірінде Месси GGG-мен бірге қазақстандық бизнесмендердің ортасында тұр. Суретті қазақстандық бизнесмен Кеңес Рақышев Туиттердегі парақшасында жариялады.

Бұған дейін аргентиналық футболшының қазақстандық-израильдік бірегей жобаның елшісі атанғаны белгілі болған. Смартфонның тұсаукесерінен оның негізін қалаушы Моше Хогег пен қазақстандық кәсіпкер Кеңес Рақышевті де байқауға болады.