Балалардың коронавирусқа шалдыққанын қалай анықтауға болады? Маман жауабы — Қазақстан жаңалықтары
Ресейдің педиатр дәрігері және тележүргізуші Евгений Комаровский балалар ағзасында коронавирусты қалай анықтауға болатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Маманның сөзінше, балалардың ағзасы вирусты оңай қабылдайды екен. Жас буынның денесінде инфекция ЖРВИ-ге ұқсаса келеді. Комаровский балалар коронавирусқа шалдыққан кезде жиі құсып, диареяға тап болатынын атап кетті. Оның айтуынша, вирус бала нәжісінде ұзақ сақталып, тез таралады екен.
«Балалар дәреті бұзылып не болмаса олардың басқа да түсініксіз аурудың белгілеріне шалдыққаны байқалса, дереу дәрігерге көрінген дұрыс дейді», — ресейлік маман.
Бұған қоса ол коронавирустан көз жұмған балалардың көбі ауыр патологиялық ауруға шалдыққанын алға тартты.
Еске салайық, бұған дейін балалар коронавирусты тасымалдаушылар болуы мүмкін екендігі айтылған еді.
stan.kz