Испания коронавирустан көз жұмғандардың саны жөнінен Қытайдан озды – Қазақстан жаңалықтары

0
7

Енді Испания коронавирустан көз жұмғандардың саны жөніннен Қытайды басып өзды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус в Испании

Испания билігі ресми мәлімдемелерді жариялады. Соңғы деректерге сәйкес, инфекция жұқтырғандардың саны 47 610-ға, ал көз жұмғандардың саны 3 434-ке жетіпті. Бұл дегеніміз Испания өлім көрсеткіші бойынша Қытайды озып кеткендігін аңғартады.

Соңғы бір күнде Испанияда 738 адам аурудан көз жұмған. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 30%-ға жоғары екен.

Марқұмдардың саны бойынша Италия алдыңғы орынға шығыпты: қазір елде 7000-ға жуық адамның өмірін індет қиып үлгерген.

Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны 428 мыңды, ал көз жұмғандардың саны 18,9 мыңды құрап отыр. 109,1 науқас аурудан құлан таза айығып шыққан.

stan.kz