Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 79 адамға жетті
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам тіркелді, оның бесеуі Нұр-Сұлтан қаласында, екеуі Алматы қаласында
НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. Қазақстанда жеті адам инфекция жұқтырғаны расталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 41 адам, Алматы қаласында – 31 адам, Қарағанды қаласында – 2, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Шымкент қаласында – 1 адам, Жамбыл облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, жалпы 79 науқас тіркелді», — деп жазылған министрліктің хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Коронавирус жұқтырғандар Қазақстанның өңірлеріне қайдан барғаны белгілі болды
16 наурызда коронавирусқа байланысты Қазақстанда төтенше жағдай режимі жарияланды. Ал 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин енгізілді.
sputniknews.kz