Шымкентте коронавирусқа шалдыққан науқас жайлы не білеміз — Қазақстан жаңалықтары

0

Шымкентте коронавирусқа шалдыққан бірінші науқас жайлы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Темірхан Варзилов айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. 

науқас

Сырқаттанған науқастың 20 наурыз күні Нұр-Сұлтаннан Шымкентке келгені анықталыпты. Қазіргі таңда ауру жұқтырған азамат қалалық инфекциялық ауруханаға жатқызылыпты. 

«Науқастың жағдайы қанағаттандырарлық. Онымен қарым-қатынаста болғандардың барлығы да оқшауландырылды. Олардың жағдайы да тұрақты. Өмірлеріне деген қауіп жоқ», — деп мәлімдеді Варзилов. 

Бұған қоса ол қазақстандықтарға айтылған талаптарды сақтауға және оған бей-жайлықпен қарамауға шақырды. Сондай-ақбасқарма басшысы жағдай қиындамайды деп сендірді.

«Бір аурудың алдын алу үшін қолымыздан келгеннің барлығын жасаудамыз. Қазір коронавирус инфекциясының таралуы қатаң бақылауда. Алдағы уақытта жағдай ушықпайды деген үміттеміз», — деп қосты ол. 

Еске салайық, бұған дейін коронавирус Шымкентте анықталғаны айтылған еді. 

 

stan.kz