Ресей тұрғыны 23 жыл бұрын ұрланған қызын тапты — Қазақстан жаңалықтары

0

Тольятти тұрғыны Ольга Синельникова 23 жыл бұрын ұрланған сәбиін 23 жылдан кейін тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі НТВ арнасына сілтеп хабараласады. 

жди меня

Екі айлық Машаны 1996 жылдың 3 қазанында ұрлап кеткен. Әжей қызын арбадағы қызын дүкеннің жанында қалдырып, бес минуттан кейін шықса, қызы жоқ екенін көрген.

Кейінірек полиция қызметкерлерінің анықтауы бойынша, баланы бейтаныс біреу ұрлап кеткен. Ұрлықшының фотороботы жасалып,  бүкіл Ресейге таратқан. Іздеуге көмек көрсеткен адамдарға сол уақытта үлкен ақша ұсынылды.

жди меня

«Мен суреттерді күн сайын вокзалға барып, тарататынмын. Үйде үлкен карта бар, онда біз парақшаларды таратқан жерлерді белгілеп қойдық. Іздеу парағына сәбидің әлі емшектен шықпағанын да жаздық. Ол уақытта Ольганың есі шығып, өзіне келе алмай жүрген кезі еді», — деп есіне алады Ольга Синельникованың құрбысы.

жди меня

Біраз уақыттан кейін Ульянов облысынан жауап келді. Бала ұрлаған түні жергілікті медбикеге дене қызуы жоғары жас сәбиді көрсетуге алып келген екен. Медбике баланың сүлгімен оралғанын байқап қалған. Кейіннен медбике күдіктілердің тағы бір фотороботын жасауға көмектесті. Алайда, барлық жұмсалған күш-жігерге қарамастан, бұл адамдарды табу мүмкін болмады.

Міне, жақында «Жди меня» сайтына Самар облысынан жауап келді. Жергілікті тұрғын оның жақын туысы Вера Лучкина қайтыс болардан бұрын 1996 жылы бөтен баланы ұрлап кеткенін мойындағанын айтқан. Оған себеп өз баласының іштен өлі күйінде туылуы екен.

жди меня

Ұрланған қыздың атын Вера деп атаған екен. Бір қызығы ол ата анасына мұлде ұқсамағани екен. Қазір Вера — орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі.

Журналистер онымен және оның туыстарымен байланыса алды, отбасылық фотосуреттер мен ДНҚ үлгілерін сұрады. Сараптама Вера мен Ольга Синельникованың туыстығын 99,9 пайыз екенін растады.

stan.kz