Air Astana 29 наурыздан бастап шетелден қазақстандықтарды қайтаруды тоқтатады

0
24

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Air Astana бірінші наурыздан бастап рейстердің тоқтатылуына байланысты шетелде қалып қойған 37 мыңнан астам қазақстандықты елге қайтарды

НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. «Air Astana» әуе компаниясы 29 наурыздан бастап шетелден қазақстандықтарды қайтаруды тоқтататынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әуе компаниясы таратқан мәліметке сәйкес, коронавирустың кеңінен таралуына байланысты бірқатар елге кіріп-шығуға шектеу қойылды. Соған қарамастан, «Air Astana» әуе компаниясы 1-23 наурыз аралығында 37 500-ден астам қазақстандықты шетелден қайтарды. Осы айдың соңына қарай елге әкелінетін Қазақстан азаматтарының жалпы саны 40 мың адамға жетеді деп болжанып отыр.

«22 наурыздан 14 сәуірге дейін Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында карантинге және елдегі төтенше жағдайға байланысты рейстердің 95%-і тоқтатылды (2863 орнына 140 рейс орындалады), және 22 наурыздан бастап барлық ішкі рейстер тоқтатылды, 29 наурыздан халықаралық репатриациялық рейстер тоқтатылады», – делінген ресми хабарламада.

Халықаралық рейстердің кестесі airastana.com сайтында жарияланып тұрады.

16 наурызда коронавирусқа байланысты Қазақстанда төтенше жағдай жарияланған болатын. Ал 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин енгізілді.

Cоңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда коронавирус дертіне шалдыққандар саны 67 адамға жетті. Оның 34-і Нұр-Сұлтанда, 29-ы Алматыда, 2-і Қарағандыда, 1-і Алматы облысында және 1 жағдай Ақтөбе облысында тіркелген.



sputniknews.kz