Карантин кезінде Алматы мен Нұр-Сұлтанға ешқандай көлік кіргізілмейді — әкімдік өкілі — Қазақстан жаңалықтары
Карантин уақытында Алматы мен Нұр-Сұлтанға кімдер кіргізілетіні жайлы айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан ұлттық арнасының «Ашық алаң» бағдарламасына сілтеме жасап.
Жүргізушінің «Алматы мен Нұр-Сұлтанға сырттан жұмысқа қатынайтындар жетерлік, олардың қалаға кіруіне шектеу қойылады ма» деген сұрағына Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бас маманы Азамат Рашитов жауап берді.
«Карантин кезінде қалаға азық-түлік транспорттары ғана кіріп шығатын болады. Басқа қалаларға қатынайтын автобустар да тоқтайды», — деді елордалық әкімдіктің өкілі.
Еске салайық, бұған дейін Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин жарияланатыны жайлы айтылған еді.
stan.kz