«Айыппұлды 10 есе көтердік»: Біртанов коронавирусты жасырғандар жайлы — Қазақстан жаңалықтары

0

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстан ұлттық арнасының «Ашық алаң» бағдарламасына берген сұхбатында, індетті жұқтырып, оны жасырған тұлғаларға үлкен көлемдегі айыппұл салынатынын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бағдарлама барысында министр елде болып жатқан ауыр сәтте адамдардың өмірлерін қауіп-қатерге тігіп, ауруын жасырған азаматтар жазаланатынын айтты.

«Біз бұл ұсынысты қолдаймыз, себебі біздің қазіргі заңда осындай шешімдер бар, бірақ өкінішке орай айыппұлдың деңгейі өте төмен. Сонымен, кеше мемлекеттік коиссиямен бұл мәселені көтеріп, комиссияның қолдауымен айыппұлды 10 есе көтердік, яғни 100 АЕК-ке жеткіздік. Ол 13 мыңның орынына 250 мың айыппұл болады. Бұл шешімді қолдап жатырмыз, енді ары қарай оны егізу қажет, бірақ оны дұрыс деп санаймыз», — деді ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Еске салайық бұған дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 33-ке жеткендігі жайлы айтылған еді.



stan.kz