15-20 наурызға арналған ауа райы болжамы — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанда наурыздың 15-20 аралығында болатын ауа райы болжамын Stan.kz «Қазгидромет» РМК-ге сүйене отырып хабарлайды.

ауа райы

Ақмола облысы

Ақмола облысында аталған уақыт аралығында ауа температурасы +5+10°С-тан 3+2°С-қа дейін төмендейді. Одан соң ақырындап -5+3°С-тан 0+5°С-қа дейін жылына түседі.

Орта кезеңде ауа 5-13°С-ке дейін төмендеп, артынан 0-8°С жыли түседі.

Қарағанды облысы

Қарағанды облысында күндізгі ауа температурасы +5+15°С-тан 0+8°С-қа дейін төмендеп, артынан қайтадан +3+11°С-қа дейін көтеріледі.

Сонымен қатар түнгі ауа температурасы -11+3°С-ден 0+6°С-қа дейін жылып, артынан -3-13°С төмендейді. Облыстың оңтүстігіндегі өзендердің бассейндерінде қар мен мұздың еруі салдарынан су деңгейі көтеріледі. 16-19 наурызда жауын, қар жауады.

Наурыздың 15-17, 19 күндері де жауын, қар жауады.

Солтүстік Қазақстан облысы

Күндіз ауа температурасы +5+10°С-ден -3+2°С-қа дейін төмендейді. Одан соң 0+8°С-қа дейін жылиды.

Түнгі ауа температурасы -7+1°С-тан 0+5°С-қа дейін жылиды. Аралық кезеңде температура -5-13°С-қа дейін төмендеп, артынан 0-8°С-қа дейін жылиды. 15-17, 19 наурызда 6 мм жаңбыр, қар жауады.

Ақтөбе облысы

Күндізгі ауа температурасы +5+15°С-тан 0+8°С-қа дейін жылып, түнгі температура 0+8°С-тан -5-13°С-қа дейін суиды. Артынан 0-8°С суық болады. Өзендерде қар мен мұз еріп, өз кезегінде ол су деңгейінің көтерілуіне ықпал етеді. 16, 19-20 наурыз аралығында 3 мм қар мен жаңбыр жауады.

Батыс Қазақстан облысы

Ауа температурасы +10+18°С-тан +2+10°С-қа дейін суытады. Артынан +5+13°С-қа дейін жылиды. Түнгі температура +1+9°С-тан -3-11°С-қа дейін суытады.

Болжамды уақыт аралығында қар, жаңбыр жауады.

Қостанай облысы

Күндізгі ауа температурасы +10+18°С-тан +2+10°С-қа дейін төмендейді. Артынан +5+13°С-қа дейін жылиды. Түнгі температура +1+9°С-тан -3-11°С-қа дейін суытады, болжам жасалған кезеңнің орта тұсына таман -3+5°С болады. Болжамды кезең бойынша қар, жауын жауады.

Өзен бассейндерінде қар, мұз еріп, су деңгейі көтеріледі.

Түркістан облысы

Ауа температурасы +17+25°С-тан +12+20°С-қа дейін төмендейді. Түнгі температура 0+8°С-тан +5+13°С аралығында құбылып тұрады.

Жамбыл облысы

Күндізгі ауа температурасы +10+18°С-тан +15+23°С-қа дейін жылып, артынан +12+20°С төмендей түседі. Түнгі температура -3+5°С-тан 0+10°С-қа дейін жылиды.

Алматы облысы

Күндізгі температура +9+17°С-тан +15+23°С-қа дейін жылып, артынан +12+20°С-қа дейін суиды.

Түнгі ауа температурасы -5+5°С-тан 0+10°С-қа дейін көтеріледі. Алматы облысының солтүстігі, солтүстік-шығысы мен оңтүстігінде қар мен мұздың еруіне соның салдарынан өзендердің суының көтерілуіне ықпал етеді.

Қызылорда облысы

Күндізгі ауа температурасы +9+17°С-тан +15+23°С-қа дейін жылынып, артынан +12+20°С-қа дейін суытады.

Түнгі ауа температурасы -5+5°С-тан 0+10°С-қа дейін суытады.

Қызылорда облысындағы Сырдария өзені толықтай мұздан тазартылып, су деңгейі Шардара мен Көксарай су қоймаларының режимі бойынша реттелуде.

Шығыс Қазақстан облысы

Ауа температурасы +9+17°С-тан +15+23°С-қа дейін жылып, артынан +12+20°С-қа дейін аздап суиды. Түнгі ауа температурасы -5+5°С-тан 0+10°С-қа дейін жылиды. Өңірдің су нысандарында мұз, тау етегінде қар еріп, ағын су басу қаупі туындайды.

 

stan.kz