Коронавирус жұқтырған науқастың жағдайын нашарлататын дәрілер белгілі болды
11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялады. Вирус әлемнің 120-дан аса еліне тарады
АЛМАТЫ, 14 наурыз – Sputnik. Кортизон немесе ибупрофен сияқты қабынуға қарсы дәрілер коронавирус жұқтырған науқастың жағдайын нашарлатуы мүмкін. Бұл туралы Францияның денсаулық сақтау министрі Оливье Веран айтты.
«COVID-19. Қабынуға қарсы кортизон, ибупрофен және басқа да дәрілерді қабылдау инфекцияның асқынуына алып келуі мүмкін. Егер дене қызуыңыз көтеріліп тұрса, парацетамол ішіңіз», — деп жазды министр Twitter парақшасында.
Сонымен қатар, министр қабынуға қарсы дәрі-дәрмекпен емделіп жатқан немесе күмәнданып жүрген азаматтарға өзінің дәрігерімен сөйлесуге кеңес берді.
⚠️ #COVIDー19 | La prise d’anti-inflammatoires (ibuprofène, cortisone, …) pourrait être un facteur d’aggravation de l’infection. En cas de fièvre, prenez du paracétamol.
Si vous êtes déjà sous anti-inflammatoires ou en cas de doute, demandez conseil à votre médecin.— Olivier Véran (@olivierveran) March 14, 2020
Соңғы мәліметтерге сәйкес, Францияда коронавируспен ауырып жатқандар саны 3 661 адамға жетті. 79 адам вирустан көз жұмды.
11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялады. Вирус әлемнің 120-дан аса еліне тарады, 130 мыңнан астам адам ауру жұқтырды. Көпшілігі сауықты, бірақ 5 мыңнан астамы қайтыс болды.
14 ақпандағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 6 адам коронавирус жұқтырды: екеуі – Нұр-Сұлтан қаласында, төрт адам – Алматыда.
sputniknews.kz