Түркіменстан президенті коронавирустан сақтану үшін адыраспан қолдануды ұсынды — Қазақстан жаңалықтары

0

Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов үкімет отырысында адамдарға вирустан халық ем-домы – гармалы түтінімен (адыраспан.авт) емделуге кеңес берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

түркімен президент

Түркіменстан тұрғындары да гармалы түтіні зиянды аурулардан сақтайтынын айтады.

Бердімұхамедов мыңдаған жылдар бойы түркімендердің ата-бабалары жаман әдеттермен күресудің және әртүрлі жұқпалы аурулардың алдын-алудың ұлттық әдістерін құрғанын, олардың тиімділігі дәлелдегенін атап өтті. 
«Біздің дана бабаларымыз дәстүрді берік ұстанды: жаңа үйге көшсе де, үйленсе де, сонымен қатар жұқпалы аурулар болған кезде түтін түтететін», — дейді Бердімұхамедов.

Мемлекет басшысы қазіргі уақытта да қасиетті өсімдіктен түтін түтету дәстүрі әлі де жалғасып келетіндігін атап өтті. Оның айтуынша, бұл өсімдіктің түтіні әртүрлі вирустың адам ағзасына енуіне жол бермейді. Түркіменстан басшысы осы дәстүрдің ерекше маңыздылығын атап, бұл шара жаппай түсіндіру жұмыстарымен қатар жүруі керек екенін айтты.

Түркіменстанда коронавирустың жаңа түрі тіркелген жоқ. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 11 наурызда жаңа COVID-19 коронавирусының пандемия болатынын жариялады. Әлемнің 120-дан астам елінде 130 мыңнан астам адам бұл ауруды жұқтырды, олардың көпшілігі емделе алды. Бірақ 4,9 мыңнан астам адам қайтыс болды.
 

stan.kz