Қазақстанда төртінші адамнан коронавирус табылды

0

Алматыда тағы бір Қазақстан азаматы коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды, ол да Германиядан келген  

НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. Қазақстанда төртінші адамнан коронавирус табылды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

«Германиядан ұшып келген 76 жастағы Қазақстан азаматынан коронавирус табылды. Ол ауруханаға жеткізілді, емделіп жатыр», — деді Ахметшәріп «Қазақстан» телеарнасындағы «Ашық алаң» бағдарламасында.

Бұған дейін Алматыда екі адам коронавирус жұқтырғаны анықталған болатын – олар Германиядан ұшып келген, сондай-ақ Нұр-Сұлтанда Миланнан келген әйелден қауіпті инфекция табылды.

Оқи отырыңыз: Денсаулық сақтау министрі коронавирустан қалай емделуге болатынын айтты 

Диас Ахметшәріп ерлі-зайыпты Мәскеу арқылы ұшып келгенін, әйелден коронавирус анықталғанын айтты.

Коронавирус табылған алғашқы науқас 9 наурызда, екінші және үшіншісі (Миланнан келген әйел) 12 наурызда келген.



sputniknews.kz