Шприцтер, дәрі құтылары мен қан: Экологтар Алматы маңынан зиянды қоқыс үйінділерін анықтады — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматылық экологтар медициналық қалдықтарды өртейтін орындарды қатаң тексеруді өніпі отыр. Айтуларынша, рейдке шыққан олар сондай цехтың біріне жүргізілген тексерістің нәтижесінде сұмдық жайттардың беті ашылыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

мусор отходы

Медициналық қалдықтар, атап айтсақ, дәрі-дәрмек, шприц пен қан құйылған түтіктер ашық-шашық, әр жерде тау-тау болып үйіліпті. Кейбіреулері қораптарға салыныпты. . Жартылай жанған қалдықтар да байқаған экологтар жылу электр стансиясының жанындағы цехтың санитарлық талаптарды өрескел бұзғанын алға тартуда. Сондықтан мұндай мекемені құзырлы орган тексеруі тиіс деп отыр.

Мамандардың сөздеріне сүйенсек, Алғабас ықшам ауданынан таяқ тастам жерден табылған қоқыстардан түрлі зиянды химиялық заттар бөлінуі мүмкін екен. Оның ауаға тарап ластап жатқаны өз алдына. «Медициналық қалдықтар суға түссе, қауіптің көкесі сонда болады», — дейді табиғат жанашырлары. Олар ережені елемейтін осы сынды мекемені лицезиясынан айыру керектігін айтады.

«Медициналық қалдықтар ашық жерде шашылып жатыр. Бұл дұрыс емес. Егер қоқысты иттер иіскесе, адам баласына да қауіп төндіреді. Мұндай қалдықты өртейтін орындардан радиусы 300 метр қашықта ешбір кәсіпорын, тұрғын үй болмауы керек. Ал мына жерде 10 метрден соң түрлі өндіріс орындары орналасқан. Адамдар жұмыс істейді. Бұл мекемеге қалайша лицензия берілгеніне таң қаламын», — дейді эколог Тимур Елеусізов. 

stan.kz