56 жастағы ер адам жас жігіт секілді көрінуінің құпиясымен бөлісті — Қазақстан жаңалықтары

0

56 жасында 30 жасар ер адам секілді көрінетін Ұлыбританияның Ковентри қаласының тұрғыны Энди Уилкинсон (Andy Wilkinson) өзінің «мәңгілік» жастығының құпиясын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

56

Бес жыл бұрын британдық кәсіпкер бизнесті тастап, спортпен шұғылдануға шешім қабылдады. Көп ұзамай оны жергілікті спортзалдардың біріне фитнес жаттықтырушысы жұмысқа қабылдады. Ер адам өзінің жас көрінісі тұрақты физикалық жүктемелеріне байланысты деп есептейді.

Уилкинсонның үш үлкен қызы және жеті немересі бар екеніне қарамастан, бейтаныс адамдар оны жасы 30-дан аспайды деп ойлайды. Олардың көпшілігі ер адамды өзінің қыздарының құрдасы ретінде қабылдайды. 

«Әдетте адамдар мені жеті немеренің атасы екеніме сенбейді. Instagram-да көптеген жас қыздар менімен танысқысы келеді», — деді ол.

Уилкинсонның жас көрінуі тек тұрақты физикалық жүктемелердің әсерінен емес. Оның айтуынша, бұл ерекшелік генмен де байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар, ол дұрыс тамақтанып, қажетті мөлшердегі ұйқының маңыздылығына тоқталды.

Уилкинсон тұтынатын калория мөлшерін бақылауды үйренгенін, жоғары көміртекті азық-түлікті азайтып, зиянды тағам мен тағамдық қоспалардан толық бас тартқанын айтты.

Уилкинсон, сондай-ақ, аз уайымдауға тырысатынын мойындады және бұл ұзақ өмір сүрудің кепілі деп санайды. 

«Мен бүгінгі күні өмір сүруге және жамандық туралы ойланбауға тырысамын», — деді ол.

Уилкинсон әр адам өзінің физикалық және менталдық денсаулығы туралы ойласа, өзін жақсы қалыпта ұстай алады деп есептейді. Ол өзінің үлгісімен адамдарды ынталандырып, шабыттандырғысы келеді.

 

stan.kz