Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған концерт өтеді

0

Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған концерт 14 наурыз Алматы қаласы Республика сарайында, Нұр-Сұлтан қаласында 19 наурыз «Қазақстан» орталық концерт залында өтеді деп хабарлайды KzNews ақпараттық порталы.

Композитордың  ұлы Мұхтар Қалдаяков, Абай атындағы МАОБТ дирижері, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған атаулы «Шәмші әлемі» концерт-спекталі екі астананың музыка бағалаушыларына ұсынды. Композитордың  ұлы Мұхтар Қалдаяков конференция барысында  “Көрермендер Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрының үздік солисттары және астанамыздың опералық вокалисттарымен 50-60 жылдардағы ретро Алматының атмосферасына куә болады”-деді .

Арнайы концертке Саян Исин (тенор) Бішкек қаласынан, Конго республикасынан Джамбо-Джамбо тобы келеді. Oған қоса Нұр-Сұлтанда эстраданың жарық жұлдызы және көрермен сүйіктісі Сәкен Майғазиев композитордын шығармашылығымен өз өнерін керсетеді. Шоудын ерекшелігі эстрада-симфониялык «Астана» оркестрімен сүйемелденген жанды дауыстардағы әуендер, Болат Аюханов баскаруымен ҚР Мемлекеттік классикалық билер ансамблінің орындауымен би номерлері, спекталь режиссері Димаш Құдайбергеновтың шоуын және баска да фестивальдарды койған Андрей Еремин (Украина). Атақты композитордың 90 жылдығына орай әлеуметтік желілерде барлық қалаған жандарға Шәмші әндерін орындаумен және бағалы сыйлыктармен конкурс өткізген , конкурс нәтижелері пресс-конференция барысында анықталды. Пресс-конференция барысында журналисттерге Республика сарайында 14 наурыз күні өтетін концертке шакыру билеттері берілді. Оған қоса келген журналисттердің арасында Кcell компаниясының бағалы сыйлыктары ойнатылды.