Бақыт Шадаева өмірдегі өкінішін айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

Елуге қадам басқан Бақыт Шадаева өкінішімен бөлісті. Әнші толассыз концерттердің көптігінен қыздарына лайықты көңіл бөле алмаған. Бүгінгі күні әнші өзін әлі кінәлі сезінеді екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ShowNewsKZ бағдарламасына сілтеме жасап.

Бақыт Шадаева
«Көп гастрольдік сапарларға кетіп қалдым. Үлкен қызыма дұрыс қарай алмағанмын кезінде. Оны әжесіне тастадым. Біресе әпкеме, сіңіліме тастадым. Қазіргі таңда сол махаббатымды толтыруға сәт түсіп тұр», – дейді Бақыт Шадаева.

Бақыт Шадаева қазір шығармашылығын екінші орынға қояды. Көбінесе отбасымен уақыт өткізгенді жөн көреді екен. Бүгінде әнші бақытты әже атанып отыр. 

Роза Рымбаеваның да тығыз жұмыс кестесі қос ұлының жанында болуға кедергісін келтірген. Өйткені Әли мен Мәди бала кездерінде аналарынан гөрі туыстарының жанында болған.

«Кішкентай кезінде әрине сағынасың ғой. Бірақ кішкентай кезімде қасымда ағам мен екі тәтем болған. Мен үйде жалғыз болған емеспін. Қашанда қасымда адамдар болатын», – дейді Роза Рымбаеваның ұлы Мәди. 
 

stan.kz