Лондонның соты Назарбаевтың немересінің үйіне көз салды: Қазақстанда бұл туралы не дейді — Қазақстан жаңалықтары

0

Лондонның Жоғары соты Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрали Әлиевке құны 80 миллион фунт стерлинг (шамамен 104 миллион доллар) тұратын жылжымайтын мүлікке ақшаны қайда тапқаны жайлы сұрау салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Нұрали

Сөз болып отырған Ұлыбританияның астанасындағы Хэмпстед ауқаттылар ауданындағы Дариға Назарбаеваның ұлына тиесілі зәулім үй. Қазіргі таңда үйдің ресми иелері екі ұйым екендігі белгілі болыпты. Десек те Ұлыбританияның қылмысқа қарсы ұлттық агенттігі жеке кинотеатры мен хауызы бар зәулім үйлердің бірінде 35 жастағы Нұрали Әлиев пен оның отбасы тұратындығын анықтапты, деп жазады РИА Новости порталы. 

Айыптаушы тарап үйдің 2015 жылы Австрия түрмесінде денесі асылып тұрған күйінде табылған Рахат Әлиевпен байланысы бар екендігін алға тартуда. Қазақстандық кәсіпкер, саясаткер және дипломаты Рахат Әлиев еліміздің банктерінің басшыларын өлтірді деген айып тағылған еді. 

Осы уақытқа Нұрали Әлиевтің адвокаттары үйдің марқұмға еш қатысы жоқ екендігін дәлелдеу үшін тырысып бағуда. Өз кезегінде олар ресми құжаттарды жинастырып, сотқа ұсынуда екен. 

Қазақстанның әділет министрлігі бұл жағдайға қатысты пікірді әрең білдірді.

«Жеке адамға қатысты сот үдерісі жайлы пікір білдіру үшін алдымен соттың аяқталуын күту керек. Бірінші кезекте сотқа қатысты барлық материалдармен танысып шыққан дұрыс. Тек содан кейін ғана білікті заңгер бұл туралы айтып береді. Тиісті сұратылымдар жіберілуі керек, тек содан кейін мемлекеттік орган оны қарастырады», — деді Марат Бекетаев. 

Атап кетерлік жайт, 2018 жылдан бастап Ұлыбританияда Unexplained Wealth Orders (UWO) заңы енгізілген болатын. Бұл заңнама бойынша ел аумағында 50 мың фунт стерлингтен асатын мүлкі бар шетелдік азаматтар өздерінің кірісі жайлы түсніктеме беруі тиіс. 

Бұған дейін Дариға Назарбаеваның үлкен ұлының Лондондағы үйі күдікке ілінгені жайлы айтылған еді. 

 

stan.kz