ДСМ: 11-22 наурызда қазақстандықтар демалады деген ақпарат жалған — Қазақстан жаңалықтары
![](https://kznews.kz/wp-content/uploads/2020/03/news_full157347596977f4fb1f1aa254ed40adb8bed5b083d1.jpg)
WhatsApp желісі арқылы қазақстандықтар үшін наурыздың 11-22 аралығында карантин жарияланады, сол себепті бұл күндері демалыс юолып жарияланды деген ақпарат жаппай тарала бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Денсаулық сақтау министрінің үкімімен 11-22 наурыз аралығында демалыс жарияланады», — делініпті хабарламада.
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп бұл хабарламаны жоққа шығарды.
«Бұл — ақпарат жалған. Қазақстандықтардың қай күндері демалатындығын үкімет шешеді», — деп мәлімдеді Ахметшәріп.
Еске салайық, алдағы уақытта еліміздің тұрғындары 21-25 наурыз аралығынада демалысқа шығады.
stan.kz