Қостанайда газ баллон жарылып, ер адам күйіп қалды
Бұл туралы Қостанай облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлайды. Газ баллонын тұтандыру кезінде 28 жастағы жігіт термикалық күйік алды.
«Оның басы, мойны, кеудесі, тыныс алу жолдары және иығын күйік шалған. Науқас жарылыс салдарынан бірінші дәрежедегі шок алған», – дейді Қостанай қалалық ауруханасының дәрігері Марал Әбілқасымов.
Дереккөз: sn.kz