20 жастағыларға арналған кеңестер

45
- Жарнаманы баса кетіңіз -

20 жастағыларға арналған кеңестер

20 жас – нағыз жастық шақтың жалынды кезеңі. Қырық жаста өмір сүру деңгейіңнің өзгеруі дәл осы шақта меңгеретін ілім мен ізденісіңе тікелей байланысты. Жиырма жастағы бозбала мен бойжеткенге мынандай кеңестер ұсынамыз:

Өзгелер не ойлайтынына бола алаңдамаңыз:
Жиырма мен отыз жас аралығында біз өзгелерге қалдыратын әсерімізге бола жиі уайымдаймыз. Өзгелер не ойлайды екен? Бірақ, уақыт өте оның бәрі маңызын жоғалтады. Өзіңіздің жаныңыз қалайтын іспен айналысыңыз. Басқасы маңызды емес. 

Асықпаңыз:
Қазір адамдардың басым көпшілігі жетістікке ерте қол жеткізген дұрыс деген тұжырым бойынша өмір сүреді. Бірақ, асықпаңыз. Өміріңіз алдыңызда. 20 жаста ешнәрсеге үлгермедім деп ойлаудың мәні жоқ.

Өзіңіз өмір сүргіңіз келетін әлем жасаңыз:
Ағынмен жүре бермеңіз. Өмірдің өз арнаңызға қарай бұрыңыз. Болашақта өзіңізді кім ретінде көресіз, қандай ортада өмір сүргіңіз келеді. Бизнеспен айналысуды армандасаңыз қазір-ақ бастаңыз.  

Барлық сұрақтың жауабы табыла бермейді:
Қолдаушыңыз, ұстазыңыз, ата-анаңыз бен кумиріңіз де барлық сұраққа жауап бере алмайды. Ол – табиғи құбылыс. Оқыңыз, ізденіңіз, тырысып көріңіз. Дамыңыз, өзіңізді өзгелермен жиі салыстырмаңыз.

Өзіңізге талапты орнымен қойыңыз:
Сіздің жасыңызда қателік жіберуге кез келген адам құқылы. Қателіктер мен сәтсіздіктерді жүрекке жақын қабылдамаңыз. Өзіңіздің ойыңызды ашық айтыңыз, өзіңізді ренжітуге жол бермеңіз.

Бағадан дағды артық:
Баға деп жүріп тәжірибе жинауды ұмытпаңыз. Өйткені, дағды сізді талай мәселеден алып шықса, баға тек қағаз бетіне түседі.

Загрузка...