Коронавирус әлемнің үштен бір бөлігіне әсер етті — Қазақстан жаңалықтары

0

3 наурызда таңертең әлем бойынша коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандар саны 3114-ке жетті, ауырғандар саны 90 370-ге жетті, 47 мыңнан астам адам емделд, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қытайда 2943 адам COVID-19 құрбаны болды, жұқтырғандардың 80 151 жағдайы тіркелді. Бір тәулікте вирустан 31 көз жұмған, барлығы Хубэй провинциясында тіркелді, олардың 24-і Уханьда, 125 жұқтырып, 2742 адам сауықты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметі бойынша, Қытайда коронавирусты жұқтырғандар саны азайып келеді, алайда Қытайдан тіркелген жағдаймен салыстырғанда елден тыс жерлерде тоғыз есе өскен. 

Ұйым әсіресе Оңтүстік Корея, Италия, Иран және Жапонияда жаңа аурудың өршуіне алаңдаулы.

ДДСҰ-ның соңғы есебіне сәйкес, Қытайдан тыс жерде жаңа коронавирус жұқпалары 64 елде тіркелген. Әлемде Қытайдан тыс жерде расталған жағдайлардың саны күніне 1598-ге артып, 8774-ке жетті.

ДДСҰ-ның бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесустың айтуынша, коронавирустық пандемия туралы хабарлауға әлі ерте. «Біз жағдайды күн сайын қадағалап отырамыз. Адамдардың қорқатынын білеміз… Бірақ 130-дан астам елде әлі күнге дейін COVID-19 бірде-бір оқиғасы тіркелмеген», — деп түсіндірді ол.

 

stan.kz