Түркістан облысында марихуана сатқан ерлі-зайыпты ұсталды

0

Күдіктілердің үйін тінту кезінде 20-дан астам сіріңке қорабы табылып, тәркіленіп алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Түркістан облысында полиция қызметкерлері марихуана сатумен айналысқан ерлі-зайыптыны ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Облыстық ПД криминалдық полиция басқармасына Түркістан қаласының тұрғындары есірткі сатумен айналысатыны туралы ақпарат келіп түскен. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері есірткі затын өткізді деген күдікпен Түркістан қаласының тұрғындарын құрықтады.

Оқи отырыңыз: Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтау әуежайында үш адамды ұстады 

Белгілі болғандай, ер адам мен оның жұбайы ұзақ уақыт бойы облыс орталығының аумағында марихуана сатумен айналысқан. Күдіктілердің үйін тінту кезінде 20-дан астам сіріңке қорабы табылып, тәркіленіп алынды. Сот-криминалистикалық сараптамасына сәйкес, тәркіленген есірткі заты жалпы салмағы 100 грамм болатын «кептірілген марихуана» болып шықты.

Күдіктілер қамауға алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз