Путин мұнайдың қазіргі бағасына қанағаттанатынын білдірді

0

Ресей президенті Владимир Путин мұнайдың қазіргі бағасын «қолайлы баға» деп атады, осы арқылы Венада болатын алдағы кездесуде рыноктағы сұранысқа байланысты мұнай жеткізілімін қысқартуға Ресейдің дайын екендігін мұнай экспорттаушыларға білдіргісі келгенге ұқсайды. Путин ОПЕК+ тобының Венадағы кездесуін Ресейдің «ұзақ мерзімге тұрақтылықты қамтамасыз ететін құрал» ретінде қарастыратынын мәлімдеді деп хабарлайды «Интерфакс».

Ресей президенті 1 наурызда «Коронавирус эффектісі» контексінде Ресейдің экономикалық дамуы талқыланған энергетика саласы басшыларының Мәскеудегі кеңесінде сөйледі.

Осы аптада арасында Сауд Арабиясы да бар ОПЕК-тің кейбір елдерінің мұнайды көбірек өндіргісі келетіні жайлы хабар тараған. Бұл шара коронавирусқа байланысты экономикалық белсенділіктің азайып, мұнайға сұраныстың төмендеуінен туып отыр деп түсіндірілді дейді Reuters.

Ресей мұнай сатуды әрі қарай да қысқартуға қарсылық білдіріп, қазіргі мұнай өндірісінің деңгейін наурыз айының соңына дейін сақтап қалуды жақтаған.

Brent маркалы мұнай баррелінің қазіргі бағасы 50,76 АҚШ доллары. 2020 жылдың қаңтар айындағы орташа бағасы $63.91 доллар болған.

Azattyq