Жұмбақ өлім: Қылмыскер 28 жылдан кейін ұсталды – Қазақстан жаңалықтары

0

Қытайдың Нанкин қаласында 28 жыл бұрын жасалған кісі өліміне күдікті ұсталды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

28

1992 жылдың 24 наурызында Нанкин канализациясынан медициналық мектеп студентінің денесі табылған. Тегі Линь екені анықталған қыз аяусыз өлтірілген. Сол кезде қылмыскерді табуға көмектесетін ақпарат үшін 10 мың юань марапат жарияланды. Алайда, қылмыскер табылмады.

2020 жылдың 23 ақпанында Сюйчжоу қаласының полиция өкілі Нанкинг полициясына жүгінді. Ол Сюйчжоу қаласының тұрғыны, 54 жасар ит саудагері Маның Линьді өлтіруі мүмкін екенін хабарлаған. 

Сол күні ер адам ұсталып, оның ДНҚ-сы 1992 жылы жиналған дәлелдемелердегі ДНҚ іздерімен салыстырылды. Сәйкестік оның қылмыс орнында болғанын растады.

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз