Коронавирусқа байланысты қажылыққа баратындарға Мекке жабылды — Қазақстан жаңалықтары
Сауд Арабиясының үкіметі уақытша Медина мен Меккеге әлемнің түкпір-түкпірінен келетін мұсылмандарды елге кіргізбеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Қажылыққа бару үшін Меккеге және Пайғамбар мешітіне келушілерге уақытша шекара жабылды. Бұл коронавирусқа қарсы шара болып табылады», — делінген ресми хабарламада.
Бұған қоса арабиялық СІМ өкілдерінің мәлімдеуінше, елге ауру табылған аймақтардан келген туристтерге де шекара уақытша жабық екен. Ал шетелден келген тұрғындар мұқият тексерістен өтеді екен.
stan.kz