Қазақстанда енді жыныстық қысымға жаза қолданылады: Жаңа заң жобасы мәжілісте талқылануда — Қазақстан жаңалықтары
Қазақстанда жыныстық алыссақтық жасаған азаматтар енді жауапқа тартылады, деп хабарлайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Парламент мәжілісінің депутаттары Әлтаев Нұржан, Смирнова Ирина және Балиева Зағипа ұсынысымен «Қылмыстық заңнамалардың кейбір хаттамаларына өзгертулер мен түзетулер туралы» заң талқылауға жіберілді.
Аталған заң бойынша Қазақстанда алғашқы рет мына жайттар ескерілмек: зорлық әрекеттерін орындамақ болып тиіскен жағдайда жауапқа тарту (жыныстық алымсақтық), «жыныстық алымсақтық», зорлық әрекетін орындаған азаматтарды уақытынан бұрын шартты түрде түрмеден босатпау, кәмелетке толмаған балаларға қарсы зорлық әрекеттері, кәмелетке толмағана балаларды зорлағаны үшін қылмыскердің психикалық жағдайына қарамастан оны химиялық кастрацияға тарту, кәмелетке толмаған балаларға қарсы зорлық әрекеттеріне қатысты қылмыстарды жеке-қоғамдық айыптаушылықтан қоғамдыққа ауыстыру.
Аталған ұсынысты Парламент мәжілісіне қарастыруға бүгін жіберілген.
stan.kz