9 млн теңгенің азық-түлігін ұрлаған әскери қызметкер сотталды — Қазақстан жаңалықтары
Семей гарнизонының әскери соты азық-түлік қоймасынан бір жылға жуық уақыт бойы азық-түлік ұрлаған сержантқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Сот барысында әскери бөлімнің азық-түлік қызмет қоймасының бастығы 2018 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың мамырына дейінгі аралықтағы 3 900 азық-түлік жиынтығын жымқырғаны анықталған. Оны «есептен шығарылды» деп әріптестеріне сатқан. Осылайша қоймадан 8 951 022 теңгенің өнімі қолды болған», — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Сот барысында тараптар процессуалды келісімге келген.
Ал ұрлық жасаған әскери қызметшінің 3 жыл 6 айға бас бостандығы шектелді. Сондай-ақ, ол «сержант» әскери шенінен айырылды.
stan.kz