Қарағандыда педофил ата-анасының қолынан жәбір көрген қыздың ісі: Жаңа деректер айқындалды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қарағандыда ерлі-зайыптылар кішкентай қыздарына жылдар бойы зорлық көрсетіп келген. Туған анасы өзінің қызын 3 жасынан көңілдесімен порнографиялық суреттерге түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялаған. Қаншама жылға жалғасқан жан түршігерлік қылмыс «Интерпол» халықаралық ұйымы анықтаған соң ғана ашылып, кінәлілер сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.  

Ата-анасы екі досымен бірге 14 жасқа толмаған қызын зорлаған

Кішкентай бүлдіршіннің порнографиялық суреттері «Интерполдың» назарына ілігіпті. Бұған дейін жалдамалы пәтердегі азғындықты өткен күзге дейін ешкім сезбеген көрінеді. Анасы туған қызын 6 жыл бойы көңілдесімен бірге анайы суреттерге түсіріп, жариялап келіпті. Тіпті азғынның туған баласын зорлауына да жол берген. 

Жеткіншекке азғындық жасаған ер адам «зорлау», «сексуальдық сипаттағы зорлық- зомбылық», «жас балаларды азғындық жолға түсіру», «кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелерi бар материалдарды дайындау және тарату» баптарымен айыпталып, 21 жылға қамалды. Ал, бұған жол берген қыздың анасын  16 жылға соттады. 

«Бұл оқиғаның барлығы анасының көзінше, оның келісімімен болған. Сот психологиялық- психиатриялық сараптама қорытындысында әйелдің есі дұрыс екені анықталды. Сексуальдық зорлық- зомбылық алғаш рет баланың 3 жасында жасалған. Бұл әрекеттер 5-6 жылға жалғасқан», — деді Қарағанды облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бекзат Шалғымбаев.

Жәбірленуші қыздың өзі қазір 14 жаста, яғни 7- сыныптың оқушысы. Жасөспірімді психологтар мен психиатр мамандар өз қарауына алған. Саран қалалық білім бөлімінің мәліметінше, жәбірленуші қыз анасымен, сіңілілерімен және өгей әкесімен бірге тұрған. Ал оны зорлаған ер адам- анасының  көңілдесі, сорақылыққа анасы апарып отырған. Алайда бұл жағдайды педагогтар байқамаған. Тіпті оқушының жиі мектеп ауыстыруы да күдік туғызбапты.  

«Қыз баладан ешбір ауытқушылық байқалмаған. Тұйықтау бала, бірақ мектеп шараларына қатысып кәдімгі сабақ оқып жүрген. Бізге келгенде құжаттан Қарағанды қаласында қаншама мектептен мектепке ауысып жүргенін көрдік. Енді шешесін ата- ана құқынан айыру мәселесін қараймыз. Өйткені өгей әкесі де, туыстары да баланы ала алмайтындарын айтты» — Саран қалалаық білім бөлімінің бас маманы Светлана Цалина.

ұл туралы қоғам белсендісі Әлия Садырбаева да сөз қозғады. 

«Еркек үшін туған баласын сату ақылға қонымсыз дүние. Бұл- қоғамның ауруы. Оны емдеу керек. Мемлекеттің көмегі қажет.  Бізде балаларды қорғайтын бірегей құрылым жоқ. Мектептерде психологтар бар. Бірақ 500 балаға 1 психолог, не істей алады? Ол балаға бірдеңе болғанын қалай анықтай алады? Сосын біз «неге суицидтен 1 — інші орындамыз ?»,- деп таң қаламыз», — деп қоғам белсендісі Әлия Садырбаева.

Бүгінгі күні Қазақстанда шынымен де аумағында отбасылық зорлық- зомбылық құрбандары көбейіп кетіпті. Соңғы екі жылдың өзінде бір ғана Қарағанды облысында балаларға жасалған 30-ға жуық қылмыстық іс тіркеліпті.

 

stan.kz