Мясникович тауар таңбалауға міндеттеудің салдары туралы айтты

0

Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа төрағасы Михаил Мясникович одаққа мүше елдер аумағында тауарды таңбалауға міндеттеу жайлы ойын бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер аумағында тауарды таңбалауға міндеттеу нарықтағы жағдайға кері әсерін тигізеді. Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа төрағасы Михаил Мясникович осындай пікірде.


©
/ официальный сайт ХК «Барыс»

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа төрағасы Михаил Мясниковичтің астанадағы кездесуі

«Егер бізде ішкі нарықтағы келісімдер сақталса, таңбалаудың қажеті жоқ. Мені бұл істің бағасы және оған жұмсалатын күш емес, делдал құрылымдар жасайтын кедергілер мазалайды. Олар бұл белгілерді жасаған кезде түрлі жағдай туындауы мүмкін», — деді астанаға келген Михаил Мясникович.

Ол бұл бастаманы нарық қатысушыларына ауыртпалық түсірмей жүзеге асыру керек екенін жеткізді. Алайда болашақта тауарды таңбалауға міндеттеу мәселесіне тағы да оралу мүмкін екенін айтты. 

«Мұның бәрі нарықтағы жағдайға кері әсерін тигізуі мүмкін. Өйткені кедергілер көбейеді деген сөз», — деді Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа төрағасы.

 



sputniknews.kz