Алматы облысында үйінде марихуана өсіріп келген азамат ұсталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы облысында 47 жастағы азаматының тұрғын үйінің екінші қабатынан “марихуана” есірткі заттарын өсіріп, дайындап, тарататын зертхана табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

есірткіЕсірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел ақпарат бойынша Іле ауданының А. есімді тұрғыны есірткі заттарын шығарып , таратумен айналысқанын анықтады.

«Санкцияланған тінту барысында Іле ауданының 47 жастағы ауыл азаматының тұрғын үйінің екінші қабатынан “марихуана” есірткі заттарын өсіріп, дайындап, тарататын зертхана табылды», — деді Алматы облысы ПД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы Қазбек Мұхамедов.

Оның мәліметінше, заңсыз есірткі бизнесімен айналысқан азаматтың үйінің екінші қабаты микроклиматты құру мақсатында күн батареяларының көмегімен қосымша жылытылған.Тінту жүргізу кезінде салмағы 26 кг-ға жуық 47 бұта, 295 орама және салмағы 8,5 килограмм дайын екі қап “марихуана” табылды және тәркіленді.

«Есірткі өсімдіктерін өсіру, аса ірі мөлшерде дайындау және сақтау дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 300-бабының 1-бөлігі, 296-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.Кінәсін мойындап жауап берген күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды”, — деді Қазбек Мұхамедов.

Сонымен қатар, ұсталған азаматтың баспанасындағы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде сараптама актілерімен белгіленген “марихуана” есірткі заты бар 8 сіріңке қорабы тәркіленді. 

stan.kz